Оралда ашылатын жаңа мектеп – білім сапасына жаңа серпін

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласының Жәңгірхан көшесінде 600 орындық жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Жоба «Келешек мектептері» ұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылып, үш ауысымды оқыту мәселесін шешуді мақсат етеді.
🔹 Құрылыс барысымен арнайы танысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин нысанның сапасы мен мерзімінде аяқталуын назарда ұстау қажеттігін атап өтті.
🔸 Бұл мектеп іске қосылған кезде Орал қаласының білім инфрақұрылымына тың серпін беріп, оқушыларға заманауи, қауіпсіз және жайлы оқу ортасын ұсынатын болады.
#келешекмектептері

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1017714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді