
Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Іс-шара оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттауға, жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтауға бағытталған.
Ақмола облысынан республикалық турға облыстық кезеңнің 3 жеңімпазы қатысты;
1.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Айбек Иманғали – Аршалы ауданы Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
2.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Есенбай Айдана – “IQanat High school of Burabai” мектебінің 10-сынып оқушысы;
3.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясы бойынша Алтын Әділет – Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.
Байқаудың қорытындысы бойынша біздің сайыскерлер тамаша нәтижелер көрсетті.
– ІІІ-дәрежелі дипломмен және 30 мың теңге ақшалай сертификатпен Алтын Әділет марапатталды.
– Айбек Иманғали Грамотаға ие болды.
Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1017813?lang=kk
Жауап қалдыру