Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, тәулік бойы күшейтілген рейдтік іс-шараларды жүзеге асыруда. Патрульдік жұмыстар су айдындарының қауіпті учаскелерінде тәуліктің күндізгі және түнгі уақыттарында жүргізілуде.
Өткен демалыс күндері су айдындарында қауіпсіздік талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес жалпы сомасы 41 286 теңгені құрайтын 3 әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1017670?lang=kk
Жауап қалдыру