
Қаржылық мониторинг агенттігі электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде
2025 жылдың басынан бері:
- вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді;
- 440 мыңнан астамбұйым тәркіленіп, жойылды;
- осы өнімдерді өндіруге арналған 6 бірлік жабдық алынды;
- тәркіленген өнімнің жалпы құны1,8 млрд теңгеден асты;
- 14 адамқылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз қызмет Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған.
Түскен табыстар «дроптар» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған
Аталған өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелетке толмаған оқушылар екенін атап өткен жөн.
Егер сізге вейптерді заңсыз сатумен кім, қай жерде айналысып жатқандығы белгілі болса — бей-жай қарамаңыз.
Call-center: 1458 нөміріне қоңырау шалыңыз — анонимдікке кепілдік беріледі.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1017906?lang=kk
Жауап қалдыру