
13.06.2025ж.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында 1999 жылдың мамыр айынан бері табысты жұмыс жасап келе жатқан «Көктас-Ақтөбе» көпсалалы кәсіпорнын аралап көрді.
Жұмыскер саны шамамен 200 адамды құрайтын компания дәнді және бұршақ дақылдарын өсірумен, ет өнімдерін өндірумен, силикат кірпішін шығарумен, көтерме және бөлшек саудамен, қоймалау және геологиялық барлау жұмыстарымен айналысады.
Кездесу барысында өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын арттыру мәселелері талқыланды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1018007?lang=kk
Жауап қалдыру