Құрметті, Бәйтерек ауданының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі 15 маусым – Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен барша ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтаймын! Адам өмірін сақтау мен денсаулығын жақсарту – зор жауапкершілікті, кәсібилікті және жүрекпен атқарылатын ең ізгі істің бірі. Сіздер күн-түн демей халықтың қамы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Бұл – шынайы құрмет пен алғысқа лайық еңбек. Сіздердің әр науқасқа көрсеткен жанашырлықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз – дені сау қоғамның негізі. Еліміздің саулығы жолындағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым ел есінде. Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, алғыс пен абыройға бөлене беріңіздер! Құрметпен, Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1017917?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді