ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар бойынша (КМУ 2023-2025 жж., 2024-2026 жж., ЖҒ 2023-2025 жж., 2024-2026 жж.) орындалған жұмыстар актілерінің қабылдайтыны туралы хабарлайды. 2025 жылғы маусымның 16-нан бастап маусымның 20-на дейін. Кураторлардың мәліметтері және акт нысаны қоса беріледі.
Актілерді дайындау кезінде келесі тармақтарға назар аударуды сұраймыз:
- шарттың күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыстарды енгізгеннен кейін нақты орындалған жұмыстарды көрсету қажет;
- есепті кезең үшін алынған зерттеу нәтижелері, жарияланымдардың, патенттердің және т.б. шығу деректері (авторлар, атауы, күні, нөмірі, баспаның орны, беттер саны), сондай-ақ журналдардың процентилі мен квартилін көрсету (бар болса);
- барлық орындалған жұмыстар бойынша дәлелдеме құжаттарды флеш картада немесе дискіге тиісінше атауын көрсете отырып әр жоба бойынша жеке папкаларда сақтап өткізу.
Бұл ретте орындалған зерттеулер мен нәтижелер туралы мәліметтер есепті кезеңдегі шарттың бекітілген күнтізбелік жоспарына қатаң сәйкес болу керек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/1017934?lang=kk
Жауап қалдыру