Құзыреттер орталықтары қызметкерлеріне арналған оқыту семинары: форсайтты стратегиялық жоспарлау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құзыреттер орталықтары қызметкерлеріне арналған оқыту семинары: форсайтты стратегиялық жоспарлау

21-23 мамыр аралығында Astana IT University базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мен Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы бірлесіп, Құзыреттер орталықтарының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың форсайтты стратегиялық жоспарлау құралы ретінде қолдану жөніндегі білімдерін тереңдету, оның білім беру және ғылыми үдерістеріне тигізетін әсерін зерттеу.

Бағдарлама аясында дәрістер мен демонстрациялық сессиялар, модераторлар мен жинақтаушылардың жұмысына арналған практикумдар, еңбек нарығының үрдістері мен өзекті құзыреттеріне талдау және Өңірлік кадрларға қажеттілік карталарының пайдалану мәселелері талқыланды.

Семинарда Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары А.Мәдібеков, BMG UpSkill академиялық директоры А.Ибрашева, Coursera жобалық менеджері Н.Сүлейменова, сондай-ақ «Мамандығым – болашағым» жобалық кеңсесінің қызметкерлері сөз сөйледі. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1003739?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді