
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының бірлескен тұрақты комисиясының кезекті отырысында 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп қаралды.
Жиынды тұрақты комиссия төрайымы Фарида Жүнісова ашып, жүргізіп отырды.
Алдымен «Облыстық бюджеттің атқарылуы, өңірдің салық-бюджет саясатының тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған негізгі бағыттарының іске асырылуы және даму жоспарының іске асырылуы туралы» облыс әкімінің міндетін атқарушы Н. Календеров баяндама жасады.
«Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Н.Тұрлыбек баяндады.
Сондай-ақ, өңірдің даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы С. Назарбек кеңінен айтып өтті.
Және тұрақты комиссия төрайымы Фарида Жүнісова «Облыстық бюджеттің атқарылуы туралы қорытынды баяндама жасап, жиынды қорытындылады.
Жиын барысында депутаттар өткен жылдың бюджетінің атқарылуы және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl/press/news/details/1017735?lang=kk
Жауап қалдыру