
2025 жылдың 13 маусымында «Қоғамда заң мен тәртіп идеялогиясын ілгерілету» негізінде Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы және адвокаттар, сала мамандары Әділет органының құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Сырдария ауданы, Шаған ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Ұ.Оразгелді азаматтарға Департамент тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталып, мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі аясында кеңінен түсіндірді. Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жеке қабылдау өткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1017642?lang=kk
Жауап қалдыру