
Самар ауданының Новостройка ауылындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында құтқарушылар бекеті өз жұмысын бастады. Бекетте жазғы маусым бойы ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері мен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кезекшілік ететін болады.
Құтқарушылар бекеті жұмыс жүргізу үшін қажетті құтқару жабдықтарымен, оның ішінде арнайы жүзу құралдарымен және өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған.
Құтқарушылар патрульдеуді қайықтарда, ал өрт сөндірушілер ұзындығы шамамен 110 шақырым жағалау бойындағы демалушылар мен объектілер иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын мониторингтеу жолымен жүргізеді. Демалушыларға жадынамалар тапсыра отырып, нұсқау және оқыту жүргізіледі.
«Басты міндет – судағы жазатайым оқиғалардың және жағалауда орналасқан объектілердегі өрттердің алдын алу. Өткен маусымда өрт сөндірушілер шөптің жануын жойып, өрттің демалыс базаларына таралуына жол бермеді. Жүзу құралдарындағы кезекшілік демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жедел көмекке келуге мүмкіндік берді», – ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.
Шомылу маусымы басталар алдында жеке демалыс аймақтарының иелеріне ТЖ қызметінің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдары бар хаттар табыс етті.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1017817?lang=kk
Жауап қалдыру