
09.06
Астана
Президенттің тапсырмасы бойынша Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр. Бұл жұмыстар қазан айының соңына дейін жалғасып, жыл сайын 13 жыл бойы жүргізіледі.
10.06
Астана
Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі күшіне енді. Бұл құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді.
10.06
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдалану фактілері анықталды.
10.06
ШҚО
Шығыс Қазақстанда 55 шақырым суару каналы тазартылды. Алдағы уақытта тағы 30 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр.
11.06
Жамбыл облысы
Жамбыл облысында магистральдық каналдағы суды есептеу жүйесі автоматтандырылды.
11.06
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «Атамекен» ҰКП отандық бизнес өкілдерінің су нысандарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге қатысуын талқылады.
12.06
Астана
Жұмысшы мамандықтар жылы су саласында өндірістік тәжірибеден өткен студенттер саны 4 есе өсті.
12.06
Қызылорда облысы
Суару кезеңі басталғалы Қызылорда облысының диқандарына 1,28 млрд текше метр су берілді. Облыстағы «Қазсушар» филиалы 982 шаруа қожалығымен су беру туралы келісімшарт жасасты.
13.06
Астана
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі. Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды.
13.06
Астана
Суармалы судың тарифін енді Су ресурстары және ирригация министрлігі реттейді. Судың тарифін реттеу құзыреті Ұлттық экономика министрлігінен Су ресурстары және ирригация министрлігіне берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1017632?lang=kk
Жауап қалдыру