
Жаз – демалыс үшін жақсы кезең. Су жағасында өзің және өз денсаулығың үшін пайдасымен демалу үшін суда жүзу, суда өзің-өзі ұстау ережелерін сақтауды үйрену керек.
Көне заманнан адамдар суға шомылу мен сумен шынықтырудың ғажайып күшін біліп, «суда жүзуге жүруге дейін үйрену» қағидасын сақтады.
Суда ұзақ уақыт бойы жүзуге болмайды – оңай суық тиюі мүмкін. Егер Сіз қалтырауды сезсеңіз, сол уақытта судан шығып, жағалау бойымен қысқа, бірақ та белсенді қимыл жасаңыз. Суға түсудің ұзақтығы ауа мен судың температурасынан, ауаның ылғалдылығы мен жел күшіне байланысты. Суда жүзудің аса жағымды шарттары – ашық желсіз ауа райы, ауаның температурасы +25 С және одан да жоғары. Суға түсуді +18 С су температурасынан бастау қажет. Тамақтанудан кейін 1,5 сағат өткеннен кейін суға түсу ұсынылады. Ең жақсысы балалар жағажайларында суға түсу, олар жақсы жабдықталып, оқыс оқиғаларды алдын алуға қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Балаларға тек қана қастарында ересек адамдар болған кезінде суға түсуге болатынын ұмытпаңдар.
Есте сақтаңыздар:
- Тек қана рұқсат етілген жерлерде және ересек адамдар болған кезде суға түсу;
- Таныс емес жерлерде сүңгігуге болмайды – түбінде батып кеткен бөренелер, тастар және тырбиған ағаштар болуы мүмкін;
- Батпақ, балдырлар бар орындарда суға түсуге болмайды;
- Үрмелі матрастарда, автокөлік камераларда және үрмелі ойыншықтарда суда жүзуге болмайды – көмекші құрал ақаулы болып, жыртылуы мүмкін, адам кенеттен суда болып қалуы мүмкін, ал ол тіпті жақсы суда жүзетін адамдарға да қауіпті болуы мүмкін.
- Кемелерге жармасуға, навигациялық құралдардың таңбалардың үстіне шығуға болмайды (бакендер, буй және т. б.);
- Өтіп жатқан кемелердің қасына келуге, жүзудің шекарасын көрсететін буйлардың шегінен шығуға, фарватерге жүзіп шығуға болмайды;
- Дауыл ауа райы кезінде және қатты соқпа толқындар бар орындарда суға шомылуға болмайды;
- Егер Сіз қатты ағымға түсіп қалсаңыз, оған қарсы жүзуге тырыспаңыз, ондай жағдайда ағыммен келе-келе жағалауға жақындап жүзу қажет;
- Егер Сіз иірімге түсіп қалсаңыз, қорықпаңыз, көбірек ауа жұтып, кенет одан басқа жаққа бұрылуға тырысыңыз;
- Егер Сіздің бұлшықетіңіз түйіліп қалса, арқаға жатып, жағалауға қарай жүзуңіз, ол кезеде түйіліп қалған бұлшықетіңізді ысқылауға тырысыңыз;
- Достарыңызды, ересек адамдарды көмекке шақыруға ұялмаңыз;
- Жалған үрей айқайлауға болмайды.
Суда жүзуді білу- суда өзің-өзі сақтаудың тәсілі. Жүзу- тіршілік қажетті машық. Жақсы жүзе білу- судағы оқыс-оқиғалардың кепілі.
Абай облысының ТЖД
Бесқарағай ауданының ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1017990?lang=kk
Жауап қалдыру