
Түркістан қалалық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Үлгілік ереже) сәйкес жергілікті деңгейде қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сандық құрамы 7 (жеті) мүше болып айқындалды, оның ішінде: 2 (екі) мүше мемлекеттік органнан, 5 (бес) мүше конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтар қатарынан іріктеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде осы конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды осы хабарландыруда көрсетілген мекенжайға қолма-қол береді немесе электрондық мекенжайына жібереді:
- Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
- өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
- сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
- кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.
Сонымен қатар, осы Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлай отырып, «Түркістан қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі бір мезгілде Үлгілік ереженің 11 тармағына сәйкес жұмыс тобының отырысына байқаушылардың тізімін қалыптастыратынын туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті қалалық мәслихат аппаратына не осында көрсетілген электрондық поштаға жібереді.
Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстар мен өтініштер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде сағат 9:00 мен 19:00 аралығында қабылданады. Түскі үзіліс 13:00 мен 15:00 сағат аралығы.
Түркістан қалалық мәслихат аппаратының мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, №28.
Электрондық пошта: a.ikramov@ontustik.gov.kz
Құжаттарды қабылдауға жауапты: Түркістан қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы Икрамов Ануархан Курегенович, байланыс телефоны 8 747 159 25 26.
Түркістан қалалық мәслихат аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1017996?lang=kk
Жауап қалдыру