
Түркістан төрінде өткен дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде Сауран ауданының шығармашылық ұжымдары жарқырап көзге түсті!
Айтыс пен терме, дәстүрлі ән мен би, ұлттық аспаптар, әжелер ансамблі мен салт-дәстүр көріністері — сахнада халқымыздың рухы мен өнері жаңғырды. Сонымен қатар, ауданымыздың қолөнер шеберлері мен жетістіктерін танытқан көрме көптің көңілінен шықты.
Қазылар шешімімен Сауран ауданы келесі кезеңге жолдама алып, ақтық сынға бір қадам жақындады. Фестиваль мамыр-шілде аралығында өтеді. Екінші кезеңде жаңа қарсылас, жаңа өнер додасы күтіп тұр.
Барша қатысушылар мен қолдау білдірген көрермендерге алғыс айтамыз!
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1018004?lang=kk
Жауап қалдыру