Ведомствоаралық кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 маусым күні Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен ведомствоаралық кеңес өткізу мақсатында Ақтөбе облысы прокурорының міндетін атқарушы Әлібаев Талғат Айтбайұлы, қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Алпысбаев Қанат Қуандықұлы, Ақтөбе облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Құлжанов Айдос Ерболатұлы келді.
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтің төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселе: Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы профилактикасы бойынша атқарылған және алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар туралы.
Кеңесте аудан әкімі орынбасарының, аудандық полиция бөлімінің, аудандық пробация қызметінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің баяндамалары тыңдалды.
Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1017777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді