Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар жол сапасы, қоғамдық көлік қатынасы, бейнебақылау камераларын орнату, мал бағу, санитарлық тазалық және абаттандыру сынды өзекті мәселелерді көтерді.

«Жарқын – қаладан қашық орналасқанымен, бұл ауыл да Семейдің бір бөлігі. Сондықтан мұндағы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері де назарсыз қалмайды», – деді Бекжан Бапышев.

Кездесу қорытындысында тұрғындар айтқан мәселе назарға алынып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырма берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді