Жолдағы заң – баршаға қорған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру және «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» жобасы аясында Талғар ауданы прокуратурасының қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

    Негізгі назар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарының алдын алуға аударылды.

    Нәтижесінде 400-ден астам құқық бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды, олардың 21-і көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды.

    Рейд барысында түсіндіру әңгімелері жүргізіліп, заңнаманың негізгі талаптары еске салынады.

     Іс-шаралар жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол қозғалысына қатысушылардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.

 

       #Заң_мен_Тәртіп

       #ҚауіпсізҚоғам

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1017912?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді