
Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев №17 мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жүректерге жылу ұялатқан сәттің куәсі болды. Биылғы түлектердің арасында «Алтын белгіге» 7 үміткер бар – бұл өз ісіне жауапты, білімге құштар, болашағынан үлкен үміт күттіретін нағыз алтын ұрпақ!
Соңғы қоңырау – мектеппен қоштасудың ғана емес, үлкен өмірдің алғашқы беттерін ашатын маңызды кезең. Түлектерге шын жүректен сәттілік тілейміз! Армандарыңыз асқақ болсын, алда күтіп тұрған өмір жолдарыңыз жарқын болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1003504?lang=kk
Жауап қалдыру