Астанада қылмыстық сот төрелігі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz 

 

2025 жылғы 23 мамырда Астанада «Қазақстан Республикасының ҚК, ҚПК, ҚАК және ӘҚБтК – 10 жыл: қорытындылар, қолдану тәжірибесі және даму болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараны Халықаралық Астана университетінің (AIU) бастамасымен Парламент, Конституциялық және Жоғарғы соттардың, мемлекеттік органдар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Конференция қатысушылары құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдірудің келешегін талқылады.

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова өз сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының маңыздылығына ерекше тоқталды. Бұл бапта сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды қолдану қағидаттары, соның ішінде заңның кері күші туралы талап тек сот үшін ғана емес, заң шығарушы үшін де құқықтық айқындық пен тепе-теңдік талаптарын ескере отырып заңдарды әзірлеу барысында маңызды екендігі көрсетілген.

Азимова сондай-ақ Конституцияның 78-бабына назар аударды. Бұл бап бойынша, егер сот қандай да бір заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейді деп тапса, істі қарауды тоқтатып, Конституциялық Сотқа жүгіну құқығына ие. Сонымен қатар, ол «Заң және Тәртіп» формуласына заң күшінің және тұлғаға деген құрметтің үйлесімі ретінде дұрыс түсіндірме берудің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1003634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді