Ауданда соғылды соңғы қоңырау! Мектеп бітірушілерге сәт сапар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл – балалық шақпен, мектеппен қоштасатын ерекше күн, жүрекке толқу мен үміт ұялататын сәт.
Салтанатты шараға аудан әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы арнайы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге жүрекжарды тілегін жеткізді.
Ол өз сөзінде түлектердің алдағы үлкен өмір жолында табандылық пен батылдық, білім мен рухани биіктік серік болуын тіледі.
Сонымен қатар, оқу озаттары мен түрлі жетістікке жеткен оқушылар мақтау қағаздары және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл – білімге деген адалдық пен еңбектің лайықты бағалануы. Құрметті түлектер!
Мектеп қабырғасындағы әр күніңіз – өміріңіздің алтын парағы. Алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, үлкен армандарға жол ашыңыздар! Еліміздің ертеңі – өздеріңіз, сол себепті сенім үдесінен шығарыңыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1003622?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді