Балалар мерекесі – жарыспен жалғасқан қуаныш

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы Ж. Сыдықов атындағы орта мектебінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше көңілді әрі танымдық шара өтті. Бұл күні Ақсу аудандық Полиция бөлімі оқушылар арасында «Жас жол инспекторы» атты сайыс ұйымдастырып, балалар мерекесін пайдалы мазмұнмен байытты.

Сайыстың басты мақсаты – жол қозғалысы ережелерін жас буынға үйрету, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Оқушылар саптық жүрістен бастап, жол белгілерін білу мен қозғалыс ережелеріне қатысты түрлі тапсырмаларда өзара бақ сынасты. Балалар белсенділік танытып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Полиция қызметкерлері үшін бұл шара – балалармен жақындасып, оларға қауіпсіздік мәдениетін үйретудің тиімді жолы. Ал бүлдіршіндер үшін – нағыз мерекелік көңіл күй мен ұмытылмас әсер.

Сайыс соңында жеңімпаздарға марапаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, барлық қатысушылар қуанышқа бөленді. Осындай мазмұнды мерекелік шаралар балалардың көңілінен шығып, оларды тәртіп пен тәрбиеге баулитыны сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1003428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді