Баланы құтқарғаны үшін ҚР ТЖМ медалімен студент марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР ТЖ Министрінің бұйрығымен суға батып бара жатқан баланы құтқару кезінде көрсеткен батылдығы , жанқиярлығы үшін, Қазақстан-Америка Еркін университетінің 2 курс студенті Ерасыл Омарханов «Суға батқандарды құтқары үшін» медалімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2025 жылдың 13 мамырында Ерасыл Омарханов Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарған кезде болған. Бала әпкесімен өзен жағасында серуендеп жүрген кезде, суға құлап кеткен, судың ағыс оны алып кете бастаған. Ерасыл дер кезінде қасында болып, баланы құтқарып қалды.

«Қазақстан Республикасы ТЖ Министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Біздің өңірде өскелең ұрпақтың лайықты үлгі алатын осындай батырлары барына қуаныштымын!»- деп атап өтті ведомстволық марапатты табыстаған ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1003473?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді