
Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында бірнеше маңызды мәселе қаралды. Соның бірі — депутат Ғалымхан Сахановтың Көкшетау қаласында жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихандарды өткізуге арналған жер учаскесін бөлу қажеттілігі туралы мәселені бірнеше рет көтерген еді. Қазіргі таңда қаланың автоХҚКО ғимараты мен тиісті жер учаскесі жоқ. Мәселенің мән-жайы мұқият қаралып, ақыры Көкшетау қаласының әкімдігі бұл бастаманы қолдап, қажетті учаскені беру мерзімдерін нақтылады.
Облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы іс-шараларының іске асырылу барысы туралы айтып берді. Баяндамашы сумен жабдықтау саласындағы бірқатар проблемалық объектілерді, денсаулық сақтау объектілерінің құрылыс жұмыстарының сапасын, сондай-ақ жоспарланған іс-шараларды іске асыруға қаржы қаражатының тапшылығын атап өтті.
Депутаттар Ғалымхан Саханов, Алмаз Мұхамедьяев және Қалел Рахматуллин Атбасар, Ақкөл және Бурабай аудандарында жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс және жөндеу жұмыстарына алаңдаушылық білдірді.
Жол картасы іс-шарасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы құрылыс, экономика және ТКШ басқармасының өкілдері сөз сөйледі.
Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. Сәуле Сәдуақасова Көкшетау қаласы сумен жабдықтау объектілерінің санитарлық-гигиеналық жай-күйі мен су құбыры суының сапасының проблемалық мәселелері туралы баяндады.
Бүгінгі таңда облыстың 604 елді мекенінен, 396 елді мекен су құбыры суын пайдаланады, 189 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен суды пайдаланады, 17 ауылдық елді мекен әкелінетін суды пайдаланады.
Депутат Қайрат Ауғалиев суды дезинфекциялауға қаражат бөлу мәселесін нақтылап, дезинфекция станцияларын қайтаруды ұсынды.
Сумен жабдықтау саласындағы проблемаларды шешу үшін уәкілетті орган бірқатар шараларды ұсынды: объектілердің жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту, «иесіз қалған» объектілерді коммуналдық кәсіпорындардың балансына беру, санитарлық қорғау аймақтарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ сумен жабдықтаудың барлық кезеңдерінде желілердің тұрақты тазалануына, дезинфекциялануы мен ауыз судың сапасына бақылауды күшейту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1003460?lang=kk
Жауап қалдыру