
2025 жылғы 19-23 мамыр аралығында Талдықорған қаласында медицина ғылымдарының кандидаты, Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Досмұхаметов Асхат Тұрсынханұлы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына халықтың денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері бойынша жұмыс орындарында оқыту жүргізе отырып, әдістемелік көмек көрсетті. Аталған іс-шараға ZOOM платформасы арқылы Жетісу облысының СЭБД аумақтық басқармаларының және Жетісу облысының «ҰСО» филиалының мамандарының қатысуымен жүргізілді. Қоршаған ортаның химиялық факторларының әсерінен тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері:
– жобалау құжаттамаларында ұсынылатын тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау материалдарына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуде;
– атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын бағалауда;
– атмосфералық ауаның ластануы мен халық денсаулығының көрсеткіштері арасында себеп-салдарлық байланыстар орнатуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1003320?lang=kk
Жауап қалдыру