Көпқабатты үйлердің қасбеті қайта жаңғыртылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған бағдарлама бойынша 2024 жылы Төле би даңғылында орналасқан №38, 40, 44, 48, 50, 52, 54, 56, 57, 58, 59 және Желтоқсан көшесі, 71-12 көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, шатырын күрделі жөндеу жұмыстары орындалды.

Осы бағдарламаны ары қарай жүзеге асыру үшін биыл, 2025 жылы Абай даңғылы №117, 121, 123, 127, 128, 129, 130, 132, 134, 139, Әйтеке би көшесі, №1, 2 және Қазыбек би көшесі, №103, 113, 120, 140 үйлер – жалпы 16 үйдің қасбетін, шатырын күрделі жөндеу жоспарда.

Сонымен қатар, Абай даңғылы, №123, 128, 132, Әйтеке би көшесі, №2, Қазыбек би көшесі, №120 үйлер үшін «ИнвестКапиталСтрой» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар, Әйтеке би көшесі, №1 үйге «Райша-3» ЖШС-мен, Абай даңғылы, №129 үй, («Ник-Тараз» ЖШС), Абай даңғылы, №130 («Нұрбек» ЖШС) үйді жөндеуге келісім-шарт жасалды. Қазіргі таңда осы үйлерде жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Айта кетейік, қалған үйлердің конкурстық рәсімдері өткізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1003545?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді