
2025 жылғы 14 мамыр күні Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Менингококк инфекциясының клиникасы, диагностикасы, емдеу, індетке қарсы іс-шаралар және зертханалық диагностикасы бойынша облыстық семинар өткізу туралы» 08.05.2025ж. 133 НҚ/136-НҚ бірлескен бұйрығының негізінде облыстың емхана қызметкерлерінің, эпидемиологтар, жедел-жәрдем дәрігерлері және әскери бөлімдердің қызметкерлерінің қатысуымен облыстық семинар өткізілді.
Семинар барысында Маңғыстау облысы аймағындағы менингококк инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, менингококк ауруының клиникасы, диагностикасы, емі және зертханалық диагностикасы тақырыбында баяндамалар жасалды.
Семинарда медицина қызметкерлеріне аурудың алдын алу және індетке қарсы шараларды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1003678?lang=kk
Жауап қалдыру