Облыстық спорт мектеп-интернат-колледжіндегі соңғы қоңырау: спорт басқармасы басшысының м. а. түлектерді құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті түлектер, ардақты ұстаздар, қадірлі жаттықтырушылар және аяулы ата-аналар! Соңғы қоңырау – жаңа бастамалардың жаршысы! 

Бүгін – айрықша күн. Спортқа бейім дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 53 түлегі үшін бүгін соңғы қоңырау үні естіледі. Бұл – қоштасу емес, керісінше үлкен сындарға, жаңа рекордтар мен асқаралы жетістіктерге бастайтын қадам! 

Сіздер оқу мен спортты, жаттығу мен жарысты қатар алып жүрдіңіздер. Сіздер – Солтүстік Қазақстан спортының мақтанышы әрі болашағынан зор үміт күттіретін жастарысыздар. Сіздер – болашақ чемпиондар, көш бастаушылар мен білікті тәлімгерлерсіздер. Біз сіздерге сенім артамыз!

Естеріңізде сақтаңыздар: Сіздердің алғашқы қадамдарыңыз осы мектептен бастау алды. Сіздерді тәрбиелеген ұстаздарға, жаттықтырушылар мен ата-аналарға зор алғысымызды білдіреміз. 

Ізгі тілекпен, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділхан Сағындықов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1003334?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді