
Орал қалалық мәслихаты төрағасының
шешімі
Орал қаласы №20 2025 жылғы 18 мамыр
Орал қалалық мәслихатының
20-кезектен тыс сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 19-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Орал қалалық мәслихатының 20-кезектен тыс сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен залында 2025 жылғы 28 мамыр күні сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Орал қаласы мен кенттік, ауылдық округтерінің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы.
- Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу барысы туралы.
- Басқа да сұрақтар.
Орал қалалық
мәслихатының төрағасы Е.Калиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uralsk/press/news/details/1003358?lang=kk
Жауап қалдыру