
Өрт – 2025 ауқымды республикалық оқу-жаттығуларына 350 қызметкер, 64 бірлік техника, оның ішінде арнайы техника, ҰҰА және 6 әуе техникасы жұмылдырылды.
Командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында еліміз бойынша 38 кіріспе және 20 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Негізгі іс-шаралар Павлодар облысының “Ертіс орманы” РММ Майқарағай орманшылығында өтті. Республикалық штабты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов басқарды.
Трансшекаралық ынтымақтастық аясында оқу-жаттығуларға Алтай өлкесі бойынша Ресей ТЖМ, Астана, Абай және Қарағанды облыстарының ТЖД, сондай-ақ басқа да мүдделі азаматтық қорғау қызметтері қатысты.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша ыстық және құрғақ ауа райы мен желдің күшеюінен туындаған орташа тәуліктік жоғары температура нәтижесінде Аққулы ауданы Майқарағай ауылының маңындағы орман аймағында өрттің туындауы туралы ақпарат келіп түсті. Өрт жайылып орманға көшуімен ұлғайды. Төтенше жағдай аймағына – “Ертіс орманы” күштер мен құралдар топтарының шеруі жүзеге асырылды. Бұл жерде лагерь орналастырылды, операцияға жалпы басшылықты Республикалық жедел штаб жүргізді.
“Ертіс орманы” аумағында өрт ошақтарын оқшаулау және жою бойынша кезең-кезеңімен практикалық іс-шаралар өткізілді. Шартты төтенше жағдайды жойғаннан кейін күштер мен құралдар топтары, өзара іс-қимыл жасасушы тараптардың оқу-жаттығуларының басшылары оқу-жаттығуды талдады және қорытындылар шығарды.
Мемлекеттердің шекаралас және шектес аумақтарындағы, өзара іс-қимыл жасайтын мекемелер мен қызметтер арасындағы өрттер туралы ақпарат алмасу тәртібі пысықталды, орман және дала өрттерін сөндіру әдістері мен тәсілдері пысықталды, табиғи өрттерді жоюға қатысатын өртке қарсы құралымдардың жауынгерлік әзірлігі тексерілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде өртті анықтау, оқу-жаттығуларға тартылған департаменттер арасында құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізу бойынша ҰҰА-ны пайдалана отырып жарыстар өткізілді.
Оқу – жаттығудың негізгі мақсаты-мемлекеттердің шекаралас және шектес аумақтарында туындайтын орман және дала өрттері туындаған кезде басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру болып табылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1003469?lang=kk
Жауап қалдыру