Құтқарушылар “Соңғы қоңырау” акциясын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған «Соңғы қоңырау» акциясы аясында мектеп оқушыларымен кездесіп, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндірді.

Құтқарушылар балаларға өрт қауіпсіздігі, судағы тәртіп ережелері және тұрмыста кездесетін оқыс жағдайлардың алдын алу жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Әсіресе, жазғы демалыс кезінде сақтық шараларын ұстанудың маңызына ерекше тоқталды.

Іс-шара барысында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған арнайы бейнеролик көрсетілді.

Бұл акция қала бойынша 150 мектепті қамтып, жалпы саны 22 314 оқушы мен ұстазды қамтыды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1003542?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді