ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 1612 ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿Бүгін, еліміздің барлық өңірлеріндегі білім ошақтарында “Соңғы қоңырау” соғылды. Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтаса, 11 сыныпты 217 мың түлектер мектеп бітіруде. Төлеби ауданы бойынша 28176 оқушы болса, олардың 1612 мектеп бітіруші түлектер. Олардың 103 «Алтын белгі», 113 «Үздік аттестат» үміткерлері.
✅Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Сұлтан Рабат жалпы орта мектебіне арнайы барып, мектеп түлектерін, ұстаздарды, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
📌Мектеп бітіруші түлектері Сіздер бүгін үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар.
Жылдар бойы алған білімдеріңіз бен бойға сіңірген тәрбиелеріңіз өмір бойы сіздерге азық болсын! Жаңа өмірге қадамдарыңыз оң болсын! Ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Сәттілік! Ақ жол!, деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы.
🔰Мерекелік жиын барысында білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде елеулі жетістіктерге қол жеткізген бірқатар азаматтарға аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің басшысының “Алғыс хатымен” марапатталды.
↪️Сұлтан рабат мектебінде 976 оқушының, 52 оқушысы мектеп бітіруші түлектер, олардың 3-і «Алтын белгі», 4-і «Ерекше үлгідегі аттестат» алуға үміткерлер.
Салтанатты шарада оқушылар патриоттық әндер шырқап, ұстаздарға деген жылы лебіздерін жеткізді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1003516?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді