
Ақтөбе қаласында 17-19 мамыр күндері таеквондодан (WT) ересектер арасында ҚР Кубогы жарысының бірінші кезеңі өтті. Дүбірлі додада Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 4 медальді облыс қоржынына салды.
Атап айтқанда, 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асқар Өтеген қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль алса, +73 келіде өнер көрсеткен Назым Махмұтова күміс жүлдеге ие болды. Ал, 58 келі салмақта өнер көрсеткен қос түркістандық таеквондошы Әзірет Дүйсенбек пен Нұрғиса Құрмәнәлі үздік үштік қатарынан көрініп, облыс қоржынын екі қоламен толықтырды. Осылайша Түркістан облысының құрамасы командалық есепте үшінші орынды иеленді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/1003497?lang=kk
Жауап қалдыру