
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Жасыл климат қорының (ЖҚҚ) Атқарушы директоры Мафалда Дуарте ханыммен оның Қазақстанға ресми сапары аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында әріптестікті нығайтуға бағытталған практикалық қадамдар, соның ішінде институционалдық өзара іс-қимыл, климаттық қаржыландыруға тікелей қолжетімділікті кеңейту және тұрақты даму саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Мафалда Дуарте ханымның бұл сапары Қазақстан мен ЖКҚ арасындағы ұзақ мерзімді және стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға өзара сенім мен ұмтылыстың жоғары деңгейін айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1003455?lang=kk
Жауап қалдыру