
🔶ДСМ өкілдері ЖРВИ және тұмаудың алдын алу үшін профилактикалық шараларды сақтауға кеңес береді
ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенованың айтуынша, бүгінде ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық маусым жалғасуда.
«Аурудың алдын алу үшін қарапайым профилактикалық шараларды сақтауды ұсынамын: жабық ғимараттарда адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу; үй-жайларды үнемі желдету; қолды антисептикпен, дезинфекциялық майлықпен өңдеу; науқас адамдармен байланысты шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету; ЖРВИ мен тұмау белгілері байқалса балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу, ауру белгілері пайда болған кезде уақытылы медициналық көмекке жүгіну», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/1002754?lang=kk
Жауап қалдыру