
Құрметті жас түлектер, қадірлі ұстаздар мен ата-аналар!
Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, 11 сыныпты бітірген түлектер үлкен өмірге қадам басады. Балалық шақ артта қалып, бітірушілер түрлі оқу орындарын таңдайды, ал кейбірі еңбек нарығына бірден кіріседі. Бұл да өмір заңдылығы.
✅2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша елімізде 217 мыңнан астам оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Соның ішінде Маңғыстау облысында 9 750 жас түлек білімін қорытындылап, оның 250-і«Алтын белгіге», 571-і «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Бұл – аймақтың білім саласындағы жетістігінің айқын көрінісі.
✅Бұдан бөлек, тағы бір мақтанышпен айта өтетін жайт, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың білім саласындағы 20 өлшемшарттан тұратын рейтинг көрсеткішінің нәтижесінде Республика бойынша «Үздік 100 мектептің» қатарына біздің облыстан қатарынан 5 білім ордасы енді.
Атап айтқанда,
- Ақтау қаласының,№4IT лицейі ,
- Ақтау қаласының Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі,
- Жаңаөзен қаласының №5 мектеп-гимназиясы,
- Мұнайлы ауданының №2 Қызылтөбе-гимназиясы,
- Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-лицейі.
Аталған Министрдің мадақтамасын біздің Департамент қызметкерлері «Мектебім, саған мың алғыс!» атты түлектерге арналған мерекелік іс-шарада табыс етті.
✅Түлектердің әрқайсысына тестілеу кезеңінен сәтті өтулеріне тілектеспін.
✅Қымбатты түлектер, сіздердің алдарыңызда үлкен өмір, жаңа белестер мен жауапкершілік тұр. Елге адал қызмет етіп, армандарыңызға қол жеткізу жолында табанды еңбек етіңіздер. Ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар.
✅Сонымен қатар, ұстаздар, ата-аналар, сіздер де жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіңіздер. Ұстаздар алдағы уақытта еңбек демалысына кетіп, тынығып келген соң, жаңа оқу жылын тың идеялармен бастауларыңызға тілектеспін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-mangystau/press/news/details/1003073?lang=kk
Жауап қалдыру