
Жиынның басты мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ мектептердегі тәрбие жұмыстарының нәтижесін қорытындылау болды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Тлепбергенов Ғалым Берікқалиұлы
Бесқарағай ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі
Тақырыбы: «Жазғы кезеңде балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары туралы»
Балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді алдын алу шараларын ұйымдастыру қажеттілігіне тоқталды.
Айтақов Мейірлі Уалилолдаұлы
Бесқарағай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары
Тақырыбы: «Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы»
Қоғамдық орындар мен жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңыздылығы айтылды.
Амангелдіұлы Жандос
Бесқарағай ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері, Азаматтық қорғау аға лейтенанты
Тақырыбы: «Суға шомылу және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау туралы»
Жазғы маусымда суға түсу және өрт жағдайларынан сақтану үшін оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігі сөз болды.
Даньярова Нагима Тлековна
Білім бөлімінің маманы
Тақырыбы: «Мектептерде атқарылған тәрбие жұмыстарының жылдық есебі туралы»
2024–2025 оқу жылында мектептерде жүргізілген тәрбие жұмыстары, оның ішінде құқықтық, патриоттық, экологиялық және рухани-адамгершілік бағыттағы іс-шаралар туралы баяндама жасалды.
№1 жалпы білім беретін мектеп оқушылары
Кәмелетке толмағандар арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында нашақорлық пен темекі шегудің зияны тақырыбында сахналық қойылым көрсетті.
Жиналыс соңында Білім бөлімінің басшысы М. Кәдірбеков «Мектебім, саған мың алғыс!» атты оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар барысында барлық қауіпсіздік талаптары мен тәртіп ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1002819?lang=kk
Жауап қалдыру