
Димаш Құдайберген — әлемдік сахнадағы Қазақстанның мақтанышы
Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген, бүкіл әлемге Димаш есімімен танымал, 1994 жылдың 24 мамырында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ерекше вокалдық қабілетімен жас кезінен-ақ көзге түскен Димаш бүгінде Қазақстанның атын әлемге паш етіп жүрген өнер иесі.
2015 жылы Димаш Витебск қаласында өткен «Славян базары» атты XXIV Халықаралық эстрадалық ән байқауында Гран-при иегері атанды.
2017 жылы Қытайдағы беделді “Singer” жобасында финалист болып, екінші орын иеленіп, әлем жұртшылығының жүрегін жаулап алды.
2019 жылы Ресейдің «Жыл әні» музыкалық премиясында «Жылдың әншісі» аталымында марапатқа ие болды.
Димаш — «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, сондай-ақ ABU TV Song Festival халықаралық фестиваліне қатысқан.
“Жақсылық жасау — жүректен”
Биылғы 21 мамыр күні Қарағанды қаласындағы Димаштың фан-клубы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара аясында әлеуметтік қызмет алушы спортшыларға сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды
Бұл кездесуден ерекше қуаныш пен шынайы эмоциялар сезілді. Қамқорлыққа ие болған жандар алғыстарын білдіріп, фан-клуб мүшелеріне жүрекжарды тілектерін арнады.
Мұндай игі бастамалар адамдарды біріктіріп, әлемді жақсартуға үлес қосады. Димаштың үлгісі — мейірімділік пен шабыттың қайнар көзі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1003048?lang=kk
Жауап қалдыру