
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, ақпараттық-ағарту жұмысы шеңберінде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Сарыарқа» АҚ әуежайында жеке кәсіпкерлер арасында интерактивті түрде дәрістер өткізді.
Өткізілген дәрістер барысында тыңдаушыларға жеке гигиена, оның ішінде қол гигиенасы, тамақтан уланудың алдын алу, тамақтану объектілері қызметкерлерінің медициналық тексеруден өту ережелері түсіндірілді.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді, ақпараттық материалдар, жадынамалар, лифлеттер, буклеттер таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1002844?lang=kk
Жауап қалдыру