Алматы облысы жастары арасында пейнтболдан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы аясында  «Арлан» пейнтбол клубында «JENIMPAZ BOL»  атты ойын өтті. Шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты арттыру, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды көздейді.

Турнирге облыстың  құқық қорғау органдары, жас депутаттар, жұмысшы мамандық иелері, белсенді жастар ұйымдары, волонтерлер қатысты.  Қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сондай-ақ стратегиялық ойлау, бір-бірін қолдау, өзара түсіністік және командалық рух секілді маңызды қасиеттерін көрсете білді.

Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызықты әрі тартысты сәттерге толы болды. Әр команда өздерінің батылдығын, ептілігін және жеңіске деген жігерін көрсете отырып, турнир көрермендеріне ерекше әсер сыйлады.

Шара соңында үздік ойын көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болып, арнайы дипломдармен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сондай ақ олардың спортқа деген ынтасы мен белсенділігі атап өтілді.

1 орын «Алматы облысы полиция департаменті есірткіге қарсы іс – қимыл басқармасы»;

2 орын «Талхиз» жұмысшы мамандықтар командасы;

3 орынды «TALGAR CITY» волонтерлер командасы иеленді

«JENIMPAZ BOL» турнирі – бұл тек ойын ғана емес, бұл жастарды 🇰🇿отансүйгіштікке, бірлікке, жігер мен қайсарлыққа тәрбиелейтін маңызды жоба. Осындай іс-шаралар болашақта да жиі өткізіліп, жастарды салауатты әрі саналы өмір салтына бағыттай беретіні сөзсіз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almoblzhastary/press/news/details/1003028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді