Батыс Қазақстан облысының полицейлері балалардың қауіпсіздігіне арналған ақпараттық акция ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Полиция департаментінің бастамасымен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті.

Шара барысында полиция қызметкерлері мектеп оқушылары мен ата-аналарға арнап арнайы дайындалған таратпа материалдар мен ақпараттық брашюралар үлестірді. Материалдарда жол қозғалысы ережелері, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, балалардың үйден кетуінің салдары, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы пайдалы мәліметтер қамтылды.

Сонымен қатар ата-аналарға арналған үндеулер де таратылып, олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Полицейлер ата-аналарды балаларының күнделікті өміріне сергек қарап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырды.

“Бұл акцияның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау. Қоғамдық қауіпсіздік – бәрімізге ортақ міндет,” – деп атап өтті БҚО полиция департаментінің өкілдері.

Аталған іс-шара балалардың қауіпсіздігін арттыруға, ата-аналар мен қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/1003280?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді