
Бесқарағай ауданында Балалар өнер мектебінің дәстүрлі есептік концерті өтті. Өнерге талпынысы зор жеткіншектер сахнада ән айтып, күй шертіп, би билеп, түрлі жанрда өз өнерлерін ортаға салды. Жыл бойғы еңбектің қорытындысы ретінде ұйымдастырылған бұл кеш көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Игі шара қазақ музыка өнерінің классигі, халық композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды. Осынау атаулы дата аясында балалар Нұрғиса атамыздың шығармаларын орындап, оның мол мұрасын жас буынға насихаттады.
Концерт барысында ерекше көзге түскен өнерпаздардың ата-аналарына мектеп ұжымы алғыс хаттар табыстап, бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. Бұл – мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықтың бір көрінісі.
Балалар өнер мектебінің мұғалімдері осындай есептік концерттердің оқушыларға үлкен шабыт беретінін айтады. Ал жас өнерпаздар үшін бұл – тәжірибе алаңы әрі сахна мәдениетін меңгерудің үлкен мүмкіндігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1002832?lang=kk
Жауап қалдыру