Бокстан республикалық турнирдің жеңімпаздары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы Аршалы ауылында Қазақстан спорт тарихында өшпес із қалдырған Аршалы аулындағы бокс секциясының тәрбиеленушісі Ангелина Копылованы еске алуға арналған төрт күндік жасөспірімдер арасындағы бокстан республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен және жақын шетелдерден келген 360 жас боксшы қатысты. Павлодар облысының намысын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының бокс секциясынан 9 спортшы қорғады.

Павлодарлықтар өз өңірінің намысын абыроймен қорғап, турнир нәтижесінде тоғыз түрлі дәрежедегі медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, 13 жастағы Баймұрат Сұлтан және 9 жастағы Берік Әбілмансұртурнирдің чемпиондары атанды. Күміс жүлделерді 11 жастағы Оразбай Азамат, 15 жастағы Қабылбек Ерасыл және турнирдің ең жас қатысушысы – 7 жасар Қайыр Нариман иеленді. Қола медальдар 13 жастағы Журба Егор, 8 жастағы Мұхаметқали Мәди, 9 жастағы Камал Айсұлтан және 8 жастағы Түсіпов Алинурға бұйырды.

Спортшылардың бұл жетістіктері олардың жаттықтырушысы Ертай Хайрулинұлы Жәменкеновтің еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Жаттықтырушы балалардың жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізіп қана қоймай, шынайы жауынгерлік мінез-құлық танытқанын ерекше атап өтті. Ол әсіресе Баймұрат Сұлтанның, Берік Әбілмансұрдың және Оразбай Азаматтың тәртіптілігі мен табандылығы олардың жеңісіне жол ашқанын атап өтті.

Бұл турнир жас спортшылар үшін тәжірибе алмасу, достықты нығайту және жаңа жетістіктерге ынталандыру алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1002711?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді