Күн жылынғаннан бастап-ақ кенелер қысқы ұйқыдан оянады, олар кене энцефалиті және кене боррелиозы сияқты жұқпалы аурулардын тасымалдаушысы болып табылады. Кене белсенділінің маусымы сәуірден қазан айларына дейін, ал олардың белсенділігінің шыңы мамыр мен маусым айларына келеді. Кенелер адамға тек орманда ғана емес, сонымен қатар қалалық саябақтарда, бақтарда, бақшаларда шабуыл жасайды.
Кене энцефалиті- қызбамен, интоксикациямен және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын табиғи ошақты жұқпалы ауру. Инфекцияның алғашқы белгілері: қалтырау, бас ауруы ,дене қызуының жоғарлауы,жүрек айну, лоқсу, шаққан жердегі терінің қызаруы, мұрыннан су ағуы, бұлшықеттің ауыруы.
Кене энцефалитінен қалай қорғануға болады? Жеке қорғаныс шаралары және кене энцефалитіне қарсы вакцинация-кене энцефалитінің алдын алудың негізі болып табылады. Кене белсенділі жоғары кезде келесі сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
- Орманға, саябаққа барған кезде жабық, бір түсті, жеңі ұзын ашық түсті киім киген абзал
- Егер денеде кене табылса пинцентпен қысып, немесе жіппен байлап, денесін сағат тіліне қарсы бұрап және оны жұлып алыңыз;
- Шағып алған жерді залалсыздандырыңыз;
- Қолыңызды міндетті түрде сабынмен жуыңыз;
- Кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алу үшін медициналық көмекке жүгініңіз.
- Шөпке отыруға, жатуға болмайды, үйге оралғанда киіміңізді денеңізді мұқият тексеріңіз;
- Ашық түсті,біріңғай киімдер киіп, шалбарды етіктің ішіне салыңыз;
- Алынған кенені міндетті түрде медициналық мекемеге жеткізіңіз, егер бұл мүмкін болмаса оны өртеңіз немесе үстіне ыстық су құйыңыз;
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-amangeldi-audany-akimat/press/news/details/1002780?lang=kk
Жауап қалдыру