
🔹ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директоры Жаналинов Данияр Кенгирбаевичпен және «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС филиалы «Жезқазғантүстімет» ӨБ персонал жөніндегі директоры Тусупбеков Бакыт Куайжановичпен кездесті.
Кездесу барысында еңбек қатынастары, жұмысшылардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, өндірістік қауіпсіздік, жұмыс орындарындағы жағдай және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде пікір алмасылды.
А.Б. Каримов жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында ашық диалог орнатудың маңыздылығын атап өтіп, адам құқықтарының сақталуына ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1002733?lang=kk
Жауап қалдыру