
Май саласы-Қазақстандағы ең маңызды, перспективалы және қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі, Елімізде майлы дақылдар алқаптары тұрақты түрде ұлғаюда, өсімдік майларының өндірісі мен экспорты артуда және жеткізу географиясы кеңеюде.
Қарқынды дамып келе жатқан май өнеркәсібінде облыс өндірушілерінің өз үлестері бар. Облыста өсімдік майын өндіру үшін майлы дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту және жаңа қуаттарды іске қосу бойынша шаралар қабылдануда.
2024 жылы облыста майлы дақылдар егілетін алқаптар 223 мың гектарды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық. 2025 жылы облыста майлы дақылдардың егіс алқабы 224,5 мың га құрады, қазіргі уақытта 178,3 мың га егілді. Облыс бойынша майлы дақылдарды қайта өңдеу саласында 12 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 3 кәсіпорын бүгінде 790 мың тонна шикізат қуаттылығы бойынша бөтелкедегі дезодорацияланған тазартылған күнбағыс майын өндірумен айналысады. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасында өсімдік майын өндіру және экспорттау бойынша көшбасшы болып табылады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО бойынша 303 мың тоннадан астам өнім өндірілді немесе өсімдік майы өндірісінің жалпы көлемінің 40% – ы өндірілді және өсімдік майы экспортының жалпы көлемінің 33% алады. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортталады. Бұл ретте, жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты төмендегені байқалады,дайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты ұлғаяды.
Мемлекеттік кірістер Комитетінің 2024 жылғы мәліметтері бойынша ТМД елдеріне және әлемнің басқа елдеріне негізінен экспортталды:
– 6,6 млн. АҚШ долларына 13,5 мың тонна күнбағыс тұқымы (Өзбекстан -0,2 мың тонна, Тәжікстан -0,7 мың тонна, Қытай -11,6 мың тонна, Түркия -0,2 мың тонна, Литва -0,1 және Чехия -0,7 мың тонна), – 0,7 млн. АҚШ доллары сомасына 2,8 мың тонна басқа майлы тұқымдар.
– Майлы дақылдар тұқымы 127,4 млн АҚШ доллары сомасына 150,8 мың тонна (Өзбекстанда -74,8 мың тонна, Тәжікстанда -10,4 мың тонна, Түрікменстанда -0,5 мың тонна, Қытайда -60,1 мың тонна және Ауғанстанда -4,9 мың тонна).
2024 жылы өңірдің май өнеркәсібі кәсіпорындары Қытайға ,Өзбекстанға, Ресейге және ЕАЭО-ның басқа елдеріне 28 миллион АҚШ долларынан астам сомаға (шамамен 14 миллиард теңге) өсімдік майын жеткізуге келісімшарттар жасалды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы Өскемен қаласының аумағында қуаттылығы күніне 500 тонна шикізат, жылына 169 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін жаңа зауыт құрылысы аяқталды. Жаңа қуатты іске қосу облысқа жылына 700 тоннадан астам шикізатты қайта өңдеуге және 2025 жылы облыс бойынша өсімдік майы өндірісінің көлемін 350 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Облыс кәсіпорындарының күтілетін жүктемесі-85%.
Ағымдағы жылдың қаңтар – сәуір айларында облыс бойынша 51,3 млрд. теңге сомасына 130,6 мың тонна күнбағыс майы өндірілді. Республика бойынша 315,5 мың тонна өндірілді, облыстың үлесі 24% құрайды. Облыстан есепті кезеңге 53,8 млн, АҚШ долларына сомасына 53,8 мың тонна күнбағыс, майы экспортталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1003045?lang=kk
Жауап қалдыру