Олимпида қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде білім ордасының 85 жылдығына орай және «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру – болашақ әл-ауқаттың маңызды факторы» атты оқушылар арасында облыстық олимпиада өтті.

🖇️Олимпиаданы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Атырау университеті ұйымдастырды.

✅Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған білім мен дағдыларды дамыту мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға Атырау облысы мен Атырау қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысты.

🔹Сайыс барысында оқушылар қаржылық сауаттылыққа қатысты білімдерін ортаға салып, арнайы әзірлеген жобаларын таныстырды.

✔️Олимпиада екі кезеңнен тұрды: алғашқы кезеңде оқушылар сауалнама арқылы теориялық білімдерін көрсетсе, екінші кезеңде жоба қорғады.

🏆Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен үздік жоба авторлары арнайы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

🥇І орын – Нұрай Нәсіпқали (Атырау қаласы, №3 мектеп-гимназия оқушысы) 6В04105 – Қаржы және аналитика білім бағдарламасы бойынша оқу ақысының 100% мөлшерінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің гранты;

🥈ІІ орын – Дамир Закария (Қаныш Сатпаев атындағы мектеп – гимназия оқушысы) 6В04105 – Қаржы және аналитика білім бағдарламасы бойынша оқу ақысының 50% мөлшерінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің гранты;

🥉ІІІ орын – Шынарай Байымбетова (И.Тайманов атындағы № 27 мектеп оқушысы) 6В04105 – Қаржы және аналитика білім бағдарламасы бойынша оқу ақысының 30% мөлшерінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің гранты.

🔺Сонымен қатар олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін Мадина Темирболатова, Дамира Жәнібекқызы, Шынарай Байымбетова, Дамир Закария, Нұрай Нәсіпқали сынды қатысушылар ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің арнайы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-atyrau/press/news/details/1002937?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді