Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде қаржы қауіпсіздігі бойынша Ұлттық Олимпиада – 2025″ финалдық кезеңінің қатысушысымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде (бұдан әріДепартамент) Toraigyrov Univercity КЕАҚ 2 курс студенті А.А. Сламовпен кездесу өтті, ол “2025 жылғы қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық олимпиаданыңіріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға сәтті өтті. Кездесу барысында Департамент басшысы Е.О. Есенов А. А. Сламовқа белсенді қатысқаны және конкурстық іріктеу барысында көрсетілген жоғары нәтижелері үшін алғыс хат табыс етті, сондай-ақ Олимпиаданың соңғы кезеңінде табыс тіледі. Жастардың қаржылық сауаттылықты арттыруға және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған осындай іс-шараларға қатысуының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1002909?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді