
БҮГІН, 23 мамырда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп “Қарағанды облысында жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу”, “Жіті ішек инфекцияларының алдын алу” тақырыптарында облыстық онлайн-семинар өткізді.
Семинар жұмысына қалалар мен аудандардың денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері қатысты.
Семинарда баяндамашылар жіті ішек инфекцияларымен сырқаттану, Қазақстан Республикасы және Қарағанды облысының эпидемиологиялық жағдайы, аурудың клиникасы, жіті ішек инфекциясына күдікті науқастарға ауруханаға дейінгі деңгейде диагностика және медициналық көмек көрсету мәселелері туралы баяндады.
Жедел ішек инфекцияларының алдын-алудың ерекше маңыздылығы атап өтілді, әсіресе эпидемиологиялық маусымда.
Медицина ұйымдары қызметкерлерінің назары ЖІИ кезіндегі эпидемиологиялық анамнездің негізгі сәттеріне, ішек инфекциясы белгілері бар науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсетуге, дифференциалды диагностика жүргізуге, жағдайларды есепке алуға және тіркеуге баса аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1003012?lang=kk
Жауап қалдыру