Қазақстан Елшісі Солтүстік Македонияның Ішкі істер министрімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Скопье, 2025 жылғы 21 мамыр – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Ішкі істер министрі Панче Тошковскимен кездесті.

Кездесу барысында Елші П.Тошковскиді елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары туралы хабардар етіп, бірқатар бастамалар ұсынды.

Құқық қорғау саласындағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларына, сондай-ақ визалық режимді ырықтандыру мақсатында екі ел азаматтарының өзара сапарларын реттеуге ерекше назар аударылды. Осыған байланысты тиісті келісімдердің жобаларын ілгерілету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

П.Тошковки Қазақстанның Скопьедегі Елшілігінің ашылуын құптап, оның Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы құқықтық саладағы өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.

Министр қазақстандық әріптестермен озық тәжірибе алмасуға және жалпы екі елдің құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығын жетілдіруге дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1003197?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді